{metadescription}
Министрлік мектепке баратын оқушыларға сабақ беру тәртібін түсіндірді

Министрлік мектепке баратын оқушыларға сабақ беру тәртібін түсіндірді

Биыл ата-аналар баланы мектепке арнайы формамен немесе басқа да ыңғайлы киіммен жібере алады.

Ал үйден оқитын балаларға мектептің компьютерлік техникасы уақытша пайдалануға беріледі. Білім және ғылым министрлігі мектепке баратын оқушылардың сабақтарын ұйымдастыру туралы ақпаратты таратты.

"Эпидемиологиялық жағдайларға байланысты 2020-2021 оқу жылы қашықтан білім беру форматында басталады. Ата-аналардың қалауы бойынша мектептерде 1-4 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар жұмыс істейтін болады. Бір сыныпта білім алушылар саны 15-тен аспайды", – делінген ресми хабарламада.

Оқушылар мен педагогтердің температурасы күнде өлшеніп тұрады, деп жазады sputniknews.kz. Ал дене қызуы нормадан жоғары болған жағдайда және ауру белгілері анықталса, педагогтер жұмысқа шықпайды, ал оқушылар үйлеріне қайтарылады.

"Егер ата-аналар немесе балалардың заңды өкілдері ниет білдіріп, өтініш жазса, ал мектеп санитарлық нормаларды қатаң сақтауға дайын болса, бастауыш сынып оқушылары мектеп қабырғасында оқи алады. Мектептерде жоғары сынып оқушыларының кабинеттері бос болғандықтан, бұл кабинеттерді де бастауыш сыныптарды оқытуды ұйымдастыру үшін пайдалануға болады", – дейді министрлік мамандары.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде