Тамыздың 30-ы күнгі ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК-сы тамыздың 30-ы күнгі ауа райы болжамын жария етті.
10:05 30.08.2020
Кәсіпорын таратқан ақпараттарға қарағанда, 30 тамызда антициклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде күн ашық болады. Тек республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейіп, бұршақ жауады, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл, батыста дауыл тұруы ықтимал.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, шаңды дауыл тұруы ықтимал. Түнде және таңертең тұман түседі. Манғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, түнде және таңертең жағалауда тұман түсуі ықтимал.
Қостанай, Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түркістан, таңертең және күндіз Қызылорда, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Түнде Павлодар, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады. Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Түркістан, Алматы облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Дереккөз: Қазгидромет
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!