Бас санитарлық дәрігер шектеу шараларына қатысты қаулыға өзгеріс енгізді
Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында Бас мемлекеттік санитар қаулыға жаңа өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
09:04 30.08.2020
Енгізілген қаулыда облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының полиция департаменттері қызметіне рұқсат етілген объектілерде карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету қарастырылған.
Бас мемлекеттік санитары карантиндік режимді бұзу анықталған кезде "әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі ҚР кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қабылдайтынын ескертті.
Сонымен қатар, президент жанындағы экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссиясы отырысының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6 хаттамасының 2.6-тармағын басшылыққа ала отырып, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48 қаулысына 2 және 3-қосымшаларға сәйкес қызметі шектелмеген объектілерді қоса алғанда, объектілердің қызметін қайта бастауды қамтамасыз етеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!