Ақтөбеде қыз бен жігіт мотоциклде атты қағып, оқиға орнында көз жұмған
Ақтөбе облысында 17 жастағы жүргізуші жігіт пен 18 жастағы жолаушы қыз Yamaha мотоциклінде атқа соғылып көз жұмды.
12:07 30.08.2020
Қайғылы оқиға сенбі, 29 тамызда Ақтөбе - Солтүстік айналма жолында Ақшат ауылының маңында болған. Жасөспірімнің көлік жүргізуге құқығы жоқ еді. Ол жылдамдықты асырып, тежегішті басуға асықпаған. Салдарынан атпен соғысқан.
Жігіт пен қыз алған жарақатынан есінен танып, оқиға орнында көз жұмды. Облыстық полиция департаменті қаза болғандардың ата-аналарына көңіл айтады және ата-аналарға кәмелетке толмағандардың көлік құралдарын басқаруына жол бермеуге және балалардың түнгі уақытта үйде болуын қадағалауға кеңес береді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!