{metadescription}
ШҚО-да 47 жастағы әйелді пойыз басып кетті
Көліктегі полиция департаментінің таратқан ақпараты бойынша, оқиға Шемонаиха ауданының аумағында болған. «30 тамызда «Рулиха-Усть-Таловка» учаскесінде машинист, яғни пойыз жүргізушісі өтуге болмайтын жерді кесіп өтіп бара жатқан 47 жастағы әйелді қағып кетті», - деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі. Жәбірленуші алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Дереккөз: Baq.kz
14:33 05.09.2020
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!