Адам жасушаларының қартаюын не тоқтататыны белгілі болды
Керамикалық нанобөлшектердің адам жасушаларының қартаюын бәсеңдету қабілетін итальяндық Istituto Italiano di Tecnologia (IIT) институтының ғалымдары анықтады.
17:19 05.09.2020
"Ғалымдар жасушалар молекулалардағы электрондардың табиғи тепе-теңдігін жоғалтқан кезде пайда болатын тотығу стрессін зерттеді. Бұл процесс метаболизмнің бір бөлігі болып табылады, сонымен қатар ағзадағы жасушалардың қартаюына әсер етеді және жүрек жеткіліксіздігі, бұлшықет атрофиясы және Паркинсон ауруы сияқты кейбір ауруларға әкеледі", - дейді зерттеушілер.
Ғалымдар ғарышта қосымша сәулелерге байланысты ағза тотығу стрессіне көбірек бейім екенін анықтаған. Сондықтан итальяндық зерттеушілерде нанобөлшектер ғарыштағы жасушаларды қорғауға көмектеседі ме деген сұрақ туындаған. Ол үшін олар Халықаралық ғарыш станциясына бұлшықет жасушаларын жіберген, олардың кейбіреулері керамикалық нанобөлшектермен өңделген. Үлгілер ғарыш кеңістігінен оралғаннан кейін ғалымдар оларды тексеріп, жасуша алған әсерді салыстырды.
"Нанобөлшектер дәстүрлі антиоксиданттарға қарағанда жақсы және ұзақ жұмыс істейді", - деді Италиядағы IIT өкілі Джанни Чофани.
Ғалымдардың айтуынша, әлі зерттелетін нәрсе көп: нанокерамиканы дұрыс қолданудың жолдары және қорғаныс әсері қанша уақытқа созылатындығын, сондай-ақ ықтимал жағымсыз жанама әсерін білу қажет.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!