{metadescription}
Қазақстанда пневмониямен ауырғандар саны 28 мыңнан асты

Қазақстанда пневмониямен ауырғандар саны 28 мыңнан асты

Өткен тәулікте Қазақстанда 347 адамнан пневмония анықталды, деп хабарлайды  Денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 347 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 57 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 28 575, 317 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 6 605-ке жетті.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 4 685 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 34 бала бар. Стационарларда 2 580 науқас жатыр. 2 105 адам амбулаториялық жағдайда ем алып жатыр.

Жалпы науқастардың арасында 132 адамның жағдайы нашар деп бағаланып отыр. Соның ішінде 21 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланды. 26 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.​

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде