Алматыда 16 жастағы қызды бес ай бойы мәжбүрлеп жезөкше қылған
Алматыда екі бойжеткен алдау арқылы кәмелетке толмаған қызды бес ай бойы жезөкшелікке салған.
13:34 21.09.2020
Креминалдық полиция департаментінің басшысы Думан Таев Алматыда кәмелет жасына толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген күдіктілердің ұсталғаны туралы айтып берді.
"Күдіктілер 16 жастағы қыздың мәліметтерін интернеттегі интимдік қызмет көрсетуге арналған жарнамалар арасына орналастырған. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 134-бабы, 1-бөлігі, яғни "Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікке тарту" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді брифингте ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таев.
Полиция атап өткендей, жыныстық зорлық-зомбылықтың барлық құрбандарына қажетті көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, мұндай жағдай Қызылорда облысында да тіркелген.
"Қызылорда облысында полиция қызметкерлері бір апта бойына қаладағы пәтерлердің бірінде 55 жастағы әйелді заңсыз ұстап, оны ұрып-соғып, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген екі ер адамды анықтап, ұстады. Қылмыстық кодекстің 126-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағымен, яғни "Қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді ол.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!