Коронавирусқа байланысты шетелдіктердің Қазақстанда тұру мерзімі ұзартылды
Қазақстан Үкіметі әлемдік пандемияға елден шығып үлгермеген шетелдік азаматтарға елде тұру мерзімін ұзартты.
14:02 21.09.2020
Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты.
«Қазақстан Үкіметі әлемдік пандемияға байланысты елден шығып үлгермеген шетелдік азаматтарға рұқсат мерзімін 1 қарашаға дейін созу туралы шешім қабылдады. 2020 жылдың 16 наурызы мен 1 қарашасы аралығында мерзімі өтіп кеткен құжаттар ғана қабылданады. Сонымен бірге, елімізге визасыз келіп, қайта еліне оралып үлгермеген шетелдіктер үшін 1 қарашаға дейін тұруға рұқсат беріледі. Ең маңыздысы – 1 қарашаға дейін елде қалу мерзімін бұзып, кете алмай қалғаны үшін шетелдіктерді және оларды қарсы алған азаматтар да әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды», - деді Нұрділдә Ораз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!