Қазақстанда 1200 адам із-түзсіз жоғалып кеткен
Ер адамдар жиі жоғалады, бұл олардың қызметтік іссапарға шығуы мен маусымдық жұмыстар кезінде басқа өңірлерге баруымен байланысты.
15:39 21.09.2020
Қазіргі таңда Қазақстанда із-түзсіз жоғалғандар саны 1200 адамға жетті. Оның 22-сі – бала. Бұл туралы ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаментінің басшысы Думан Таев мәлімдеді.
"Қазіргі таңда республикада із-түзсіз жоғалғандар саны – 1200 адам. Олардың 22-сі – бала. Ер адамдар жиі жоғалады. Бұл олардың қызметтік іссапарға шығуымен, маусымдық жұмыстар кезінде басқа өңірлерге баруымен байланысты", - деді Таев онлайн брифингте.
Ал, әйелдердің жоғалуына, оның айтуынша, негізінен, ішімдік себеп. Кәмелетке толмаған балалардың хабар-ошарсыз кетуі отбасындағы ұрыс-керіс, ата-аналарының ішімдікке салынуы, әке-шешесімен бір үйде тұрғысы келмеу, үйден қашумен байланысты. Таев бүгінде 80 адам табылып, туысқандарымен қауышатынын атап өтті.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!