Текелі қаласының әкімі парамен ұсталған қоластындағы қызметкер үшін отставкаға кетті
Алматы облысы Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев қызметінен кетті.
17:33 21.09.2020
Бұл туралы Өнербаевтың өзі желідегі парақшасында жариялады.
"Мен, мемлекетіміздің заңға бағынатын азаматы ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңға сәйкес, өз еркіммен жұмыстан кету туралы өтініш жаздым. Ал бүгін менің өтінішімді облыс әкімімен мақұлданды", - деп жазды Өнербаев.
Ол қалада кейбір мәселелердің өз шешімін табатынын айтып, халыққа алғысын білдірді.
"Мен 2016 жылдың қараша айынан бастап Текелі қаласының әкімі болып жұмыс істедім. Жетісу өңірінің осы әдемі де жайлы қаласында жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе болды. Біз бірге сүйікті қаламыздың өркендеуі үшін жұмыс істеуге тырыстық. Қаланың кейбір мәселелерінің шешілмегендігі көңілге қаяу түсіреді. Бірақ мен сіздерді екі жақсы жаңалықпен қуантқым келеді. Біріншіден, судың ең үлкен проблемасы жақын арада шешіледі, екіншіден, қорғасын-мырыш зауытының өндірістік қалдықтарын қалпына келтіру. Екі жоба да іске қосылды. Сенім білдіріп, қаланың дамуына көмектескендеріңіз үшін рахмет", - деп жазды ол.
Бұған дейін Өнербаев Текелі қаласы әкімі аппаратының жетекшісіне қатысты 22 тамыздағы үкім заңды күшіне енгеннен кейін қызметінен кететіні туралы хабарланған болатын. Өнербаевтың қоластындағы қызметкер сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін сотталды. Алматы облысы Текелі қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Батыр Молдахметов Алматы облысы Текелі қаласының әкімі болып тағайындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!