Тоқаев бүгін бейнеүндеу жасайды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін БҰҰ Бас ассамблеясында бейнеүндеу жасайды.
17:54 21.09.2020
Бұл жайында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімет таратты.
«Бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен сағат 20.00-ден кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясы аясында БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі кездесуде бейнеүндеу жасайды», деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.
Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінің тікелей трансляциясын БҰҰ веб-сайтынан көруге болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!