Блокпостағы жол апаты: Тірі қалған полицей оқиғаның қалай болғанын айтып берді
Алматы облысында BMW көлігімен блокпосты қиратып, 2 полиция қызметкерінің өліміне себепкер болған жүргізушіге қатысты сот жалғасуда.
19:27 25.09.2020
Азат Азаматовқа қатысты істі Қарасай аудандық сотының судьясы Мәди Көшекбаев қарап жатыр. Бүгін сотта апаттан зардап шеккен 26 жастағы полиция қызметкері, капитан Ербұлан Сейдазымнан түсінік алынды. Жауап алу кезінде ол сотталушыны танымайтынын мәлім етті.
Айтуынша, 24 мамыр кешкі сағат 20:00-де ол кезекшілікке келген. Оқиға таңғы сағат 5-те болған. Ол осы блокпостқа жауапты болғандықтан, көлік қозғалысын қадағалаған. Көлік соқтығысқан кезде Еркебұлан Сейдазым көшеде өтіп жатқан көліктерді планшетпен базадан тексеріп тұрған.
"Бұл постта 12 полиция қызметкері болды. Әр 20 минут сайын оларды тексеріп тұруым керек болды. Апат таңғы сағат бестер шамасында болды. Қараңғы болды, көліктер де жинала бастаған. Мен палаткадан планшетті алып оны әріптесіме беруім керек болды. Осы сәтте сол жақ бетте шамын жағып өте қатты жылдамдықпен келе жатқан көлікті көрдім. Бетон қоршаулары тұрғандықтан ол тоқтайтын шығар деп ойладым. Ары қарай ештеңе есімде жоқ. Бір апта өткен соң 2 маусымда ауруханада есімді жидым. Сол кезде ғана не болғанын білдім", - дейді Ербұлан Сейдазым.
Полиция қызметкері қазір ем қабылдап жатыр, сондықтан жалақыны толықтай алмайды. Келтірілген моралдық шығынға қатысты ол ойланатынын айтты. Оның отбасы бар, қыз баланы тәрбиелеп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!