{metadescription}
Алматы әкімдігі опырылған асфальт түсірілген видеоға қатысты түсінік берді

Алматы әкімдігі опырылған асфальт түсірілген видеоға қатысты түсінік берді

Әлеуметтік желілерде опырылған тасжол түсірілген видео тарады.

Видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Онда асфальттың опырылғаны көрсетіледі. Алматы әкімдігі бұл оқиғаның Алатау ауданында болғанын айтты.

"2020 жылдың 24 қыркүйегінде Алатау ауданының 13-ықшамауданында (Алғабас) диаметрі 160 миллиметр су құбыры желісі жарылды. Кепілдік міндеттемелер шеңберінде "АлматыИнжстрой" ЖШС мердігерлік ұйымымен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сумен жабдықтау шамамен сағат 17.40-та жаңартылды. 25 қыркүйекте іргелес жатқан аумақтың іргетасы қабаттап тығыздалып, бұзылған телімдерге асфальт төселіп, абаттандырылды. Оның жарылу орны (12 шаршы метр) асфальт төсеу технологиясын сақтай отырып, осы жылдың 28 қыркүйегіне дейін қалпына келтіріледі", - деді әкімдіктегілер.

Еске салайық, Алматыда көпқабатты үйдің ауласындағы асфальт опырылып түскені туралы жариялаған болатынбыз.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде