{metadescription}
Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған ерікті қайтыс болды

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған ерікті қайтыс болды

28 жастағы дәрігер шілде айында сынақтан өтіп, қыркүйекте ауырып, қазан айында қайтыс болды.

Дәрігерлер оның вакцина немесе плацебо алғанын анықтап жатыр. Бразилияда коронавирусқа қарсы вакцинаны тексеруден өткізуге қатысқан ерікті қайтыс болды. Ал вакцинаны AstraZeneca компаниясы мен Оксфорд университеті әзірлеген. Ведомство мәліметіне сәйкес, өлімнің себебі "этика және құпия сақталуына байланысты" жарияланбайды. Сондай-ақ еріктінің плацебо (препарат түрінде дайындалған, бірақ емдік қасиеттері жоқ зат) немесе препараттың өзін қабылдағаны туралы да айтылмайды.

"AstraZeneca компаниясы бұл жағдайға қатысты түсініктеме беруден бас тартып, осы оқиғамен байланысты ресми позиция жоқ", – деп мәлімдеді.

Бразилиялық БАҚ "халықаралық зерттеумен таныс" дереккөзге сілтеме жасай отырып, азаматтың Covid-19 асқынуларынан қайтыс болғанын хабарлады. Сонымен қатар сынақ кезінде вакцина емес, плацебо қабылдағанын жазды. Қайтыс болған еріктітің Рио-де-Жанейродағы жеке клиникада коронавируспен ауыратын науқастармен реанимация бөлімінде жұмыс істеген 28 жастағы дәрігер екені белгілі, деп хабарлады RT.

Оксфордта вакцинаның қауіпсіз екенін айтылып, оны сынақтан өткізу жалғасып жатыр.

Дереккөз: sputniknews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде