{metadescription}
Хабиб UFC-дегі мансабын аяқтағанын мәлімдеді

Хабиб UFC-дегі мансабын аяқтағанын мәлімдеді

Ресейлік ережесіз жекпе-жек шебері Хабиб Нұрмагомедов UFC-де мансабының аяқталғанын мәлімдеді.

Хабиб Абу-Дабидегі UFC-254 турнирінде Джастин Гэтжиді жеңгеннен кейін, бұл соңғы жекпе-жегі болғанын айтты.

"Құдай маған бәрін берді. Бұл балалар менімен бірге. Бүгін менің соңғы жекпе-жегім болды. UFC басшылығынан сұрағым келетін жалғыз нәрсе: мені келесі аптада салмақ санатына қарамастан рейтингте бірінші орынға қойыңыз. Мен бұған лайықпын. 29-0, бірде-бір жеңіліс жоқ. Промоушен басшылығына алғысымды айтқым келеді, барлығыңызға үлкен рахмет", - деді Нұрмагомедов жекпе-жектен кейін.

Нұрмагомедов UFC-ден кету себебі әкесі қайтыс болғаннан кейін анасына берген уәдесімен түсіндірді. 

"Мен таулы ауылдың қарапайым жігітімін. Ағам маған Google  планетадағы ең көп талқыланатын адам мен екенін көрсетті деп айтты. Мен сенбедім. Барлығыңызда ата-анаңыз бар. Оларға қамқор болыңдар. Менің анам ғана қалды. Анаммен көбірек уақыт өткізгім келеді", - деп қорытындылады ол.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде