Алматыда жүйткіген көлік бес жасар баланы қағып кетті
Жол жиегінде тұрған балалардың бірі қарсы бетке өту үшін жүгіріп шыққанын Subaru көлігі байқап үлгермеген.
12:07 25.10.2020
Дәрігерлер шетелдік көліктің соққысына ұшыраған бес жасар баланың өмірі үшін күресуде. Ал полицейлер осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Алматының Түрксіб ауданындағы Постышев көшесінде орналасқан "Лимон" дүкенінің алдында көлік бес жасар баланы қағып кетті.
Бейнебақылау камерасынан кішкентай екі баласы бар әйелдің жол жиегінде тұрғанын көруге болады. Балалардың бірі кенеттен жолдың қарсы бетіне өту үшін жүгіріп шыққанда, Subaru көлігі қағып кетеді. Жүргізуші баланың күтпеген жерден шыққанын байқап үлгермеген. Жол апаты салдарынан бала ауыр жарақатпен балалар травмотологиясы ауруханасына түсті. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде.
Алматы полициясы осы оқиға негізінде Қылмыстық кодекстің 345-бабы (көлік құралын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!