{metadescription}
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қамауға алынды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қамауға алынды

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қаюпов екі айға қамауға алынды.

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, "БҚО денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысы мен оның көмекшісіне қатысты екі айға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Болатбек Қаюповтың ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғаны 29 қазанда белгілі болды. 

30 қазанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басқарма басшысының сыбайласымен бірге медициналық жабдықтарды қабылдау актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 7,8 миллион теңге пара алғанын хабарлады. Оларға қатысты тергеу басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде