{metadescription}
Экс-министр Біртанов қамауға алынды

Экс-министр Біртанов қамауға алынды

Сот бұрынғы денсаулық министрі Елжан Біртановты қамауға алуға санкция берді.

Ол ірі көлемдегі ақшаны ысырап етті деген күдікке ілінді. Қаржы министрлігінің қаржылық мониторинг жөніндегі комитеті тергеу уақытында Елжан Біртанов қамауға алынатынын мәлімдеді. 

"Қаржы министрлігіне қарасты қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеулер қызметі бюджет қаражатын аса ірі көлемде ысырап ету фактісі бойынша бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Сот санкциясымен Біртанов қамауға алынды", - делінген ресми хабарламада.

Құқық қорғаушылар басқа ақпараттың тергеу шараларының аяқталмауына байланысты жариялауға жатпайтынын жеткізді.

Біртанов ісі

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде бұрынғы денсаулық сақтау министрінің ұсталғаны туралы хабарлама тараған болатын. Сол кезде қаржы мониторингі комитеті тергеуге қатысты ақпарат 201-бапқа сәйкес жарияланбайтынын және тиісті мәліметті кейін беретінін хабарлаған.

Ал желідегі ақпарат бойынша экс-министр 526 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Ақша денсаулық сақтау жүйесінің байланысын қамтамасыз ету және ақпарат платформаларын сатып алуға бөлінген. Қылмыстық кодекстің 189-бабына сәйкес ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу") тергеу жүргізіліп жатқаны айтылған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде