{metadescription}
БҚО-да ұлына той жасаған әкім қызметінен босатылды

БҚО-да ұлына той жасаған әкім қызметінен босатылды

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округінің әкімі Татжан Өтемісов пандемия кезінде ұлына ұлан-асыр үйлену тойын жасағаны үшін қызметінен кетеді.

3 қараша күні COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімі Тәтжан Өтемісұлының карантин кезінде той өткізгені расталды. БҚО әкімі аппаратының басшысы Берік Батаев 9 қазан мен 9 қараша аралығында ауыл әкімі кезекті еңбек демалысында екенін айтты.

"Осыған орай тексеру жүргізілді. Татжан Өтемісов 9 қарашаға дейін демалыста. 10 қарашадан бастап ол қызметінен босатылады. Сонымен қатар, Татжан Өтемісовке карантиндік шектеулерді бұзғаны үшін әкімшілік хаттама жасалды және 41 мың теңге айыппұл салынды", - деді Берік Батаев.

Еске салсақ, үйлену тойында түсірілген видео Instagram-да жарияланды. Той Орал қаласындағы мейрамханалардың бірінде өткен. Видеоны жолдаған адамдардың айтуынша, той иесі – Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округінің әкімі. Шенеуніктің өзі бұған қатысты түсініктеме берген жоқ. Өңір басшысы Ғали Есқалиев Өтемісовке қатысты тиісті шара қабылдауды тапсырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде