Польшада 16 жастағы қазақстандықты браконьер атып өлтірген
Польшалық БАҚ 16 жастағы қазақстандықтың өлімі туралы жаңа ақпараттар жариялады.
18:03 06.11.2020
«Польшаның құқық қорғау органдарының мәліметінше, жергілікті полиция кісі өлтірген күдіктіні және оның жолдасын - осы елдің азаматтарын ұстады. Біріншісіне кісі өлтірді деген айып тағылды. Ал оның досы тергеуге кедергі келтірді және көмек көрсетпеді деп айыпталуда. Күдіктінің аңшы екені анықталды және қазақстандық студенттер тұрған жаққа оқ атқан. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде», - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігі таратқан ресми ақпаратта.
Қазіргі уақытта дипломаттар құжаттарды рәсімдеп, марқұмның денесін отанына жіберу бойынша шаралар қабылдап жатыр.
Еске салайық, 2 қарашада Польшаның Ополе Любельское қаласында Қазақстанның 16 жастағы азаматы оқ жарақаты салдарынан қаза тапқан болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!