{metadescription}
Шымкентте карантин ұзартылды

Шымкентте карантин ұзартылды

Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, Шымкентте  карантин 23 қарашаға дейін ұзартылды.

Қаланың бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев Шымкенттегі карантин және шектеу шараларын 9 қараша 00:00-ден 23 қараша 00:00-ге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Қала тұрғындары мен қонақтарына көпшілік жиналатын іс-шаралар (туған күн, мерейтойлар, ұзату, құдалық, той, беташар және басқалары) өткізуге тыйым салынады.

65 жастан асқан тұрғындарға қалада қозғалуға шектеу қойылды. Сондай-ақ, Шымкентте үш адамнан аспайтын топқа немесе бір отбасы мүшелеріне аулаларда серуендеуге, саябақтарға, алаңдарға, скверлер мен жағалауларға баруға рұқсат етіледі. Гипермаркеттер, супермаркеттер, минимаркеттер және дүкендер 9.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді. Қоғамдық көлік қозғалысы 7.00 - 21.00.

Құжатты толығырақ сілтеме бойынша оқуға ​​болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде