{metadescription}
Дәрігер: Коронавируспен ауырған адам тұзды тағамнан бас тарту керек

Дәрігер: Коронавируспен ауырған адам тұзды тағамнан бас тарту керек

Коронавирусты адамдар диетадағы тұзды тамақтың мөлшерін шектеуі керек, сонымен қатар алкогольден бас тарту керек.

Бұның маңыздылығы жайлы терапевт Филипп Кузменко.

"Денедегі су-тұз балансын дұрыс сақтау коронавирусты науқастарды емдеудің міндетті бөлігі болып табылады. Ауруханаларда дәрігерлер мұны бақылайды, бірақ үйде адамдар ауру кезінде не ішіп-жейтінін мұқият таңдап алуы керек", - деді Кузьменко.

Оның айтуынша, науқас тұзды тағамдар мен алкогольден бас тартуы керек.

"Егер Құдай сақтасын, сіз коронавируспен ауырып қалсаңыз, онда су-тұз теңгерімін сақтауыңыз керек. Тұзды тағамдардан бас тарту керек. Тұздалған балықты, тұздалған қиярды, тұзды тағамды көп мөлшерде жеуге болмайды. Оның орнына көбірек су ішіңіз. Сонымен қатар, бұл ең бастысы, алкогольден бас тарту керек, өйткені бұл бірінші кезекте дегидратацияға ықпал етеді", - деді дәрігер.

Сусыздандырумен қатар, тұзды тағамдар қанды да қоюлатады, бұл коронавирус кезінде зиянды дейді ол.

"Тұзды тағамдар сіздің қаныңызды сұйылтпайды. Тұзды тағамдар оның қою, қанық болуына ықпал етеді. Тұз тіндегі сұйық компонентті жұлып алады, ал тамырларда қоюланады. Сұйық бөлігі аз, бірақ қан жасушалары көп. Егер адам COVID-19 ауруымен ауыратын болса, бұл жанама түрде әсер етуі мүмкін", - деп қорытындылады Кузменко.

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде