{metadescription}
Ер адам анасын тірідей көміп тастаған

Ер адам анасын тірідей көміп тастаған

Қытайдың Шэньси провинциясында 58 жастағы ер адам анасын тірідей көмуге тырысқаны үшін сотталды.

Оқиға мамыр айында болған. Сал ауруы бар 79 жастағы әйел табылып, ауруханаға жеткізілгенге дейін қабірде 70 сағаттай тамақсыз және сусыз жатты. Құтқарылғаннан кейін ол ұлының түрмеге қамалуы мүмкін екендігіне алаңдаушылық білдірді. Әйел қыркүйек айында қайтыс болды. Ер адамға қасақана кісі өлтірді деген айып тағылды. Бұл істі Юлинь округінің Цзинбиань аудандық соты қарады. Сотталушы кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды

Мамыр айында келіні әйелдің жоғалып кеткендігі туралы хабарлаған болатын. Оның айтуынша, үш күн бұрын күйеуі анасын арбаға отырғызып, бір жерге алып кеткен. Келесі күні таңертең ол жалғыз оралды және анасын туыстарына жібергенін хабарлады. Жауап алу кезінде ер адам анасын зиратқа апарып, қараусыз қалған молаға тастап, топырақпен жауып тастағанын мойындады.

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде