Елжан Біртанов үйқамаққа алынды
Денсаулық сақтау министрлігінің экс-басшысы Елжан Біртанов үйқамақта жатыр.
15:50 07.11.2020
Елжан Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко бұрынғы министр үй қамауында екенін айтты. Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашада қаржы министрлігінің қаржы мониторингі жөніндегі комитеті бұрынғы денсаулық сақтау министрі қамауға алынғанын хабарлаған болатын.
Бюджет қаражатын аса ірі көлемде ысырап ету фактісі бойынша бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Сот оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы ретінде санкция берді.
Ол 25 маусымда денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!