Оннан астам мемлекет аштықтың алдында тұр
Африка мен Таяу Шығыстағы оннан астам ел жаппай аштықтың алдында тұр.
17:29 07.11.2020
Қақтығыстар, экономикалық қиындықтар, ауа-райының күрт өзгеруі және коронавирустық пандемия жүз мыңдаған адамдардың тамақтануын шектеді. Әлемде тұрақсыздық күшейіп келеді, 16 елге аштық проблемасының ушығуы қаупі төніп тұр. БҰҰ сарапшылары Буркина-Фасо, Нигерияның солтүстік-шығысы, Оңтүстік Судан мен Йеменді "ыстық нүктелер" деп атады. Яғни, бұл мемлекеттер қазір азық-түлік тапшылығының дәмін татып жатыр.
Осыған дейін әлемде коронавирустық пандемияға байланысты аштық болады деп болжанған болатын. Мұндай болжамды дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының (ДСҰ) басшысы Дэвид Биасли айтты. Оның айтуынша, пандемияның салдарын жеңілдету үшін гуманитарлық іс-шараларды жүзеге асыру үшін ұйымға алдағы алты айда шамамен 5 миллиард доллар қажет.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!