{metadescription}
Нұр-Сұлтанда ер адам Қазпошта қоймасынан сәлемдеме ұрлады деп күдіктелуде

Нұр-Сұлтанда ер адам Қазпошта қоймасынан сәлемдеме ұрлады деп күдіктелуде

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері "Қазпошта" қоймасынан сәлемдеме ұрлаған күдіктіні ұстады.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің Сарыарқа аудандық полиция басқармасына "Қазпошта" АҚ қоймасынан сәлемдеме ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қылмыс жасаған күдікті анықталып, ұсталды. Ол бұрын сотталған 27 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Ол қойма аумағына бірнеше рет кіргенін түсіндірді, бірақ күзетшілер оған назар аудармаған екен. 

Ұрлық жасамақ болған ол қойма бөлмесіне кедергісіз кіріп, үш пакетті алып шыққан. Ол екі тауарды тығып, үшінші "Toyota Camry" автомашинасының қосалқы бөлшектері салынған қорапты бейтаныс адамға сатқан. Табылған сәлемдемелер "Қазпоштаға" қайтарылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК "ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.