Құлағын жұлып әкетті: UFC жекпе-жегінде спортшы қатты соққы алды
Лас-Вегаста аралас жекпе-жектен UFC турнирі өтті.
10:03 09.11.2020
Жартылай орта салмақтағы америкалықтар Макс Гриффин мен Рамиз Брахимайдың кездескені атап өтілді. Жекпе-жек үшінші раундқа дейін созылды. Гриффин қарсыласын сол құлағына тигізгенде, қарсыласы құлағынан айырылып қала жаздаған. Соққының қатты болғаны соншалық, оның құлағы екіге бөлініп кеткен.
Рамиз Барихмай не болғанын бірден түсінген жоқ, тіпті жекпе-жекте ары қарай жалғастырмақ болды. Судья жеңісті техникалық нокаутпен Гриффинге берді. Барихмай үшін бұл UFC-дегі алғашқы жекпе-жек. MMA-де ол үш рет жеңіске жетіп, үш рет жеңілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!