{metadescription}
Есінен танып қалды: Қазақстандық футболшы Мәскеу алаңында басынан жарақат алды

Есінен танып қалды: Қазақстандық футболшы Мәскеу алаңында басынан жарақат алды

Мәскеудің ЦСКА футбол клубының жартылай қорғаушысы Бахтияр Зайнутдинов Ресей премьер-лигасының 14-турында  "Ростовпен" болған матчта жарақат алды.

Оқиға Мәскеуде өткен ойынның жетінші минутында болды. Зайнутдинов қорғаныстың сол қапталында қарсыласымен соқтысып, басынан жарақат алды. Соқтығысу салдарынан қазақстандық есінен танып, оған дәрігерлердің көмегі қажет болды.

Біраз уақыттан кейін Зайнутдиновты зембілмен алаңнан алып кетті, содан кейін оны басқа ойыншымен ауыстырды. Кейін ЦСКА-ныңбас жаттықтырушысы Виктор Гончаренко Бахтияр Зайнутдиновтың жағдайы туралы айтты.

"Зайнутдинов басына соққы алды, біраз уақыт есінен танып қалды. Бірақ қазір дәрігерлер оның есін жиғанын айтады", - деді Гончаренко.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде