Қазақстанда ПТР-тест пен бетперде бағасы төмендеді
Кәсіпкерлермен келісім жасау нәтижесінде ПТР-тест бағасы екі есеге – 18 мыңнан 9 мыңға дейін төмендеді.
11:15 09.11.2020
Қазақстанда зертханалық қызметтер мен жеке қорғаныш құралдарының бағасы төмендеді. Агенттік президенттің тапсырмасымен зертханалық қызметтер мен жеке қорғаныш құралдарының бағалық саясатына мониторинг жүргізген.
"Нәтижесінде ПТР-тест бағасы 36 нарық субъектісімен ашық сауда саясатын көздейтін монополияға қарсы комплаенс жасау арқылы 18 000 теңгеден 9 000 теңгеге дейін төмендетілді. "Олимп" КДЗ" ЖШС және "Инвиво" ЖШС 9 мың теңгеден аспайтын баға белгіледі, "Сұңқар" ЖШС және "Әйгерім" ЖШС-ның жекелеген зертханалары бағаны 6 000 және 7 000 теңгеге дейін төмендетті", - делінген ведомствоның ресми сайтында.
Сонымен қатар, медициналық маскалар да біршама арзандады. Өндірушілер бағаны бір данасына орта есеппен 21 теңгеге дейін түсірген, дистрибьюторлар мен бөлшек сауда желілерінің үстеме бағасы 20 теңгеден 3 теңгеге дейін төмендеді. Осылайша бір бетперденің бағасы орта есеппен 60 теңгеден 26 теңгеге дейін төмендетілді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері жөніндегі кеңесте ПТР-тест пен бетперде бағасын төмендетуді тапсырған еді.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!