Мамин Қазақстанда зейнет жасын төмендету туралы ұсынысқа жауап берді
Премьер-министр қалыптасқан экономикалық жағдайды ескеріп, зейнет жасын көтеру қажеттілік екенін мәлімдеді.
13:02 09.11.2020
Премьер-министр Асқар Мамин "Халық коммунистері" фракциясы депутаттарының зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендету туралы ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қалыптасқан экономикалық жағдай, халықаралық тәжірибе, экономикалық және демографиялық факторлар негізіндегі ұзақмерзімді болжамдарды ескеріп, зейнет жасын ұлғайту қажеттілік болып табылады", - делінген Маминнің депутаттық сауалға берген жауабында.
Ол зейнеткерлер санының жұмыс істейтін халыққа арақатынасы өсіп жатқанын атап өтті.
"Әлемде 65 жастан асқан азаматтардың орта есеппен 10%-тен астамға ұлғайғаны болжанып отыр (2000 жылы 14,3%-тен 2040 жылы 25,7%-ке дейін). Бұл, өз кезегінде, зейнетақы жүйесінің орнықтылығына әсер етеді", - деді премьер.
Мамин зейнет жасын көтеру "әлемде қалыптасқан экономикалық және демографиялық ахуалға, сондай-ақ, халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді" деп санайды.
Депутаттардың ұсынысы
Бұған дейін мәжілістегі "Халық коммунистері" фракциясы зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендетуді ұсынған еді. Мәжілісмен Айқын Қоңыровтың айтуынша, күзгі-қысқы мезгілдің келуімен ЖРВИ және тұмау сияқты маусымдық аурулар өршиді. Коронавирустың ауыр түріне шалдығу және өлім қатері айтарлықтай артады. Мұның бәрі, әсіресе, 60 жас және одан үлкен адамдар үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қабылдауды талап етеді.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!