{metadescription}
Біртановтың адвокаты үндеу жасады

Біртановтың адвокаты үндеу жасады

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтарға қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреді.

Мұны оның адвокаты Дмитрий Куряченко жеткізді.

"Мен қорғауға алған Елжан Біртанов бүкіл Қазақстандағы әріптестеріне және қоғам қайраткерлеріне, блогерлерге, журналистерге және осы қиын жағдайда оған қолдау білдіргендердің барлығына шын жүректен алғыс айтады. Бұрынғы министр үшін қазақстандықтардың қолдауы туралы білу маңызды болды. Бұл ол үшін үлкен мәртебе ", - деді адвокат.

Еске салайық, 3 қарашада қаржы мониторингі комитеті Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Ол бюджет ақшасын жымқырды деген күдікке ілініп, қамауға алынды. Біртанов 7 қарашада үй қамағына алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде