Қазақстанда зейнет жасын көтеру жоспарланып отырған жоқ
Қазақстан Үкіметі зейнет жасын көтеру мәселесін қарастырмайды.
15:30 09.11.2020
Бұл жайында ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен мәлім етті. Таратылған ақпаратта «Халықтық коммунистер» франкциясының зейнет жасын төмендету ұсынылған депутаттық сауалына берілген жауапта 2018 жылы күшіне енген қолданыстағы зейнетақымен қамту жүйесіне түсіндірме берілгендігі айтылған. Бұл ретте еңбек нарығында қалыптасып отырған әлемдік трендтер, сондай-ақ түрлі елдердегі демографиялық үрдістер мысал ретінде келтірілді.
«Премьер-Министрдің берген жауабында ҚР-да зейнет жасын одан әрі арттыру туралы ештеңе айтылмаған, себебі мұндай мәселе бүгінгі таңда күн тәртібінде тұрған жоқ. Осылайша, ҚР-да зейнет жасын арттыру көзделгені туралы кейбір БАҚ-та таралған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», - деді Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда ерлер үшін зейнет жасы - 63, ал әйелдер үшін - 59,5 жас. Әйелдер үшін зейнеткерлік жас 2027 жылға дейін 10 жыл ішінде жыл сайын 6 айдан артады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!