Әділбек Жақсыбеков жаңа қызметке тағайындалды
Әділбек Жақсыбеков "ҚазТрансГаз" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.
15:57 09.11.2020
Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін осы қызметті атқарған Қайрат Шәріпбаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Басқармасы келісімі негізінде "ҚазТрансГаз" АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Сонымен қатар "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының көлік және маркетинг жөніндегі орынбасары қызметін қоса атқармақ.
Жақсыбеков әр жылдары Қазақ КСР-і Мемлекеттік кино және Мемлекеттік жабдықтау жүйелерінде жұмыс істеді, бірқатар кәсіпорынға жетекшілік етті. 1988-1995 жылдары "Цесна" көпсалалық корпорациясының басшысы болды. 1995 жылы Парламент Сенатына сайланды.
Ақмола облысы әкімінің орынбасары болды. 1997-2003 жылдары Астана әкімі, 2003-2004 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрі қызметтерін атқарды. Содан кейін төрт жыл бойы ҚР Президенті Әкімшілігін басқарды. 2008 жылдың қаңтарынан қазанына дейін "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары - ҚР Президентінің кеңесшісі болды.
2008-2009 жылдары Қазақстанның Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі болып жұмыс істеді. 2009-2014 жылдары қорғаныс министрі қызметін атқарды. Осы жылдың сәуір айында Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.
2014 жылғы 22 қазанда Нұр-Сұлтан қаласының (бұрынғы Астана) әкімі болып тағайындалды.
2016-2018 жылдар аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!