{metadescription}
Әскери бекетке жасалған шабуылдан 11 адам қаза тапты

Әскери бекетке жасалған шабуылдан 11 адам қаза тапты

Бағдаттың батыс бөлігіндегі әскери бекетке белгісіз біреулер шабуыл жасап, салдарынан 11 адам қаза тапты.

Тағы 8 адам жарақат алды. Полицияның және дәрігерлердің хабарлауынша, шабуылдаушылар төрт көлікпен Бағдат қаласының Әл-Радвания ауданындағы әскери бекетке шабуыл жасаған.

Содырлар граната мен автоматтар қолданған. Әскер мен полиция күштері шабуылдаушыларды ұстауға әрекеттеніп жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде