Қазақстанда телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстанда телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Telegram арнасында.
18:21 18.11.2020
«Қазтелерадио» АҚ жоспарланған профилактикалық жұмыстар және цифрлық, аналог және спутник телерадио хабарын тарату желісіндегі жабдықты бақылау туралы хабарлайды.
«Трансляциялар 2020 жылдың 19 қарашасында сағат 03:00-де тоқтатылады. Қазақстандық телерадио хабарларын тарату 2020 жылғы 19 қарашада сағат 17:00-де жоспарланған жұмыстан кейін қалпына келтіріледі», – делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!