Қарағандылық полицейлер 8-қабаттан секірмек болған бойжеткенді құтқарды
Қарағандылық полицейлер сегізінші қабаттағы пәтердің балконынан секіріп кетпекші болған бойжеткенді құтқарып алды.
12:05 19.11.2020
«18 қарашада сағат 14.00-де Қарағанды қаласы ПБ ЖБО-дан патрульдіктерге көпқабатты үйдің пәтерінің балконынан бойжеткеннің секірейін деп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Үш минуттан кейін полиция оқиға орнында болды», - деді полицияның баспасөз қызметінен.
Тәртіп сақшылары қыз тұрған пәтерге бірден кіре ала алмайтындарын біліп, басқа амалдарды да қарастырған. Полиция аға лейтенанты Бейбіт Байсеркин тоғызыншы қабатта тұратын жоғарыдағы көршінің үйіне кіріп, секіруге дайын қыздың көңілін аулай бастаған. Ал кіші полиция лейтенанты Дарын Совет, аға полиция сержанты Айбат Әкімжанов қыздың сөмкесінен табылған кілтпен бірінші темір есікті бірден ашқан, алайда екінші ағаш есік ішінен құлыптаулы болды. Оны бұзып кірген.
«Біз пәтерге кіргеннен кейін бірден балконға жүгірдік. Қызды екі қолымен ұстап, бөлмеге кіргіздік», - дейді Дарын Совет.
Белгілі болғандай, бойжеткен анасымен жанжалдасып, өзіне-өзі қол жұмсамақ болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!