{metadescription}
Қазақстандық қыз ауыр атлетикадан әлемдік додада алтын иеленді

Қазақстандық қыз ауыр атлетикадан әлемдік додада алтын иеленді

Лимада Перудің ауыр атлетика федерациясы ұйымдастырған ауыр атлетикадан онлайн форматта жастар арасындағы әлем кубогын өтуде.

Қазақстандық жас ауыр атлеттер халықаралық старттың тағы екі медалін жеңіп алды. 102 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ауыр атлетика бойынша жарыстар аяқталды.Ұлдар арасында және 81 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі қыздар арасында да сайыстар өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Айсамал Сансызбаева 244 кг зілтемірді көтеріп, қыздар арасындағы турнирдің "алтынын" жеңіп алды.

Жігіттер арасындағы жарыстың қорытындысы бойынша халықаралық спорт аренасында алғашқы дебют жасаған қазақстандық Жанали Тұяқов 319 кг нәтижемен жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілген. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде