{metadescription}
СҚО-да екі тұрғын танысының шөбін өртеп жіберді

СҚО-да екі тұрғын танысының шөбін өртеп жіберді

Солтүстік Қазақстан облысында Чернобаевка ауылының екі тұрғыны жақтырмайтын танысының 25 тонна шөбін қасақана өртеп жіберді.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чернобаевка елдімекенінде болған. 37 жастағы тұрғынның бақшасында жатқан 25 тонна шөбі жанып кетті. Келген шығын – 600 мың теңгеден асады. Ауыл тұрғыны полицияға жүгініп, шөптің қасақана өртелгендігі анықталды. Жедел-тергеу тобы учаскелік полиция инспекторының көмегімен осы іске қатысы болуы мүмкін сол ауданның 31 жастағы екі тұрғынын ұстады. Күдіктілер жасаған қылмыстарын мойындады. Айтуларынша, олар сол күні спирттік ішімдік ішкен. Арақтың буымен, жақтырмайтын таныстарына зиян келтірмек болады. Осылайша бақшада тұрған шөпке от қойған.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктілерге қатысты келуі туралы міндеттеме түріндегі мәжбүрлеу шарасы қолданды.

«ҚР ҚК 202-бабының 2-бөлігі өрт қою, жарылыс жасау арқылы немесе өзге де жалпы қауiптi тәсілмен жасалған іс-әрекетті қарастырады. Сол күні үйде отбасы мүшелері толық үйде болған. Өрт қора-қопсыға, үйге тараған жоқ. Өрт сөндірушілер өртті сөндіріп үлгерді», - дейді Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның ПБ бастығы Марат Әлжанов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.