{metadescription}
1-сынып оқушыларына жылдық баға қойылмайды

1-сынып оқушыларына жылдық баға қойылмайды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылдың 21 қазанындағы бұйрығына өзгерістер енгізді. 

«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (ҚР нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 5191 болып тіркелген, 2008 жылғы 30 мамырда № 81 (1307) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларындағы 2-тарау алынып тасталсын», - делінген бұйрық мәтінінде. 

Бұйрықта көрсетілгендей, формативтік бағалау, оның ішінде үй жұмысын бағалау білім алушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуіне мониторинг жүргізу және сабақта сараланған жұмысты одан әрі құру үшін жүргізіледі және педагогтің ұсыныстары арқылы жазбаша нысанда (дәптерлерде немесе күнделіктерде) немесе ауызша жүзеге асырылады.

Тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде білім алушылардың оқу жетістіктері балл қою арқылы формативті бағаланады. 2-11 (12) сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін бағалау бір балдан 10 балға дейінгі шекте жүзеге асырылады.Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде жарты жылдық үшін баға қалыптастырушы бағалау мен БЖБ нәтижелері бойынша қойылады.

Сондай-ақ, 1-сыныпта жылдық қорытынды баға деген жоқ. Бұрын бірінші сынып оқушылары 3-ші және 4-ші тоқсандардың қорытындылары бойынша жиынтық бағалау нәтижелері бойынша бағаланатын. Сонымен бірге 1 сынып оқушылары психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы негізінде немесе баланың ата-анасымен немесе заңды өкілдерімен келісімі болмаса, келесі оқу жылына қалдырылмайды.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап өз күшіне енеді (18 қараша).

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде