{metadescription}
Билл Гейтс пандемиядан кейін жұмыс тәртібі қалай өзгеретінін болжады

Билл Гейтс пандемиядан кейін жұмыс тәртібі қалай өзгеретінін болжады

Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс коронавирустық індет бизнеске айтарлықтай әсер етеді деп болжады.

Оның пікірінше, іссапарлар саны азаяды және көптеген компания өз қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеуге ауыстырады. Бұл туралы американдық миллиардер CNBC-ге берген сұхбатында айтты.

"Менің болжамым бойынша, іссапарлардың 50 пайызы, ал кеңселердегі жұмыстың 30 пайызға азаяды. Енді бетпе-бет кездесулердің қажеттілігі азайды. Виртуалды байланысты пайдалануға болады. Үйден жиі жұмыс жиілейді", - дейді Гейтс.

Айтуынша, кеңселердегі жұмыс жойылмайды, бірақ әлдеқайда азаяды. Шын мәнінде, қазір біз 20 минут ішінде бейне байланыс арқылы не істеу керектігін талқылап, негізгі мәселелерді шеше аламыз. Жалпы,  белгілі бір дәрежеде кеңселерге қайта ораламыз, іскерлік сапарлар жасаймыз, бірақ әлдеқайда аз көлемде", - дейді ол.

"Мен Африка басшыларына қаншалықты қиын екенін түсінемін. Мен оларды аяймын, себебі олар Еуропа мен АҚШ-тағы көптеген конференцияларға қатысып, Отанында өте маңызды жұмыс атқаруы тиіс. Білім беру, денсаулық сақтау жүйесі мәселелерін шешу, салық жинау немесе жай ғана тұрақтылықты сақтау. Соған қарамастан, олар уақытының жартысын осы сапарларға жұмсайды", - деді кәсіпкер.

Осы уақыт ішінде оның жаңа таныстықтар мен іскери серіктестері пайда болмағанын айтады. 

"Қашықтағы байланыс кездейсоқ таныстықтарды, жиындардан кейінгі әңгімелерге тұсау болды. Бұл, әрине, ой салатын нәрсе. Менде күтпеген таныстықтар болған жоқ, жаңа достар таппадым, - деді Билл Гейтс.

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде