Коронавирусқа аз шалдығатын адамдар категориясы белгілі болды
Аллергиясы бар адамдар коронавирусқа аз шалдығады.
09:35 20.11.2020
Бұл туралы медицина ғылымдарының докторы, ФИЦ тамақтану және биотехнология клиникасының аллергология бөлімінің меңгерушісі Вера Ревякина мәлімдеді.
"Аллергиясы бар науқастар коронавирустық инфекциядан аз зардап шегеді, өйткені оларда рецепторлық аппарат бар, сондықтан олар жаңа коронавирустық инфекцияға сезімтал емес", - дейді Вера Ревякина.
Жақында танымал иммунолог Алла Рыжих аллергиямен ауыратын адамдар Е иммуноглобулинінің көп болуына байланысты вирустық және онкологиялық ауруларға жиі шалдықпайтынын айтқан. Алайда көптеген ғалым бұл көзқарасты сынға алады. Олар аллергиясы бар науқастар антиденелерді тезірек шығарса да, оларды коронавирустан қорғамайды дейді.
Ғалымдар осы уақытқа дейін тағы бір зерттеу нәтижесі туралы айтқан; коронавирустық инфекция астматиктерде жеңіл өтеді. Бұл бронх демікпесі бар адамдардың денесінің ерекшеліктеріне байланысты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!