{metadescription}
Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны артты

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны артты

Қазір коронавирус инфекциясынан он мыңнан астам адам емделіп жатыр, екі жүзден аса науқастың жағдайы ауыр.

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан жеті адам қайтыс болды. Бір тәулікте 6 науқас COVID-19 инфекциясынан, бір пациент ковидтік пневмониядан көз жұмды. Сондай-ақ, өткен тәулікте 791 адам вирус жұқтырса, 158 адам пневмонияға шалдықты.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, қазір коронавирустан 10 435 адам ем қабылдауды жалғастыруда, олардың арасында 481 бала бар. Стационарларда 3 088 науқас жатыр. 7 347 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Науқастардың арасында 220 адамның жағдайы ауыр, соның ішінде 26-сының хәлі мүшкіл. 21 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Жалпы 13 наурыздан бері республикада барлығы 123 888 адам індетке шалдықты, 1970 науқас қайтыс болды. 1 тамыздан бері 40 848 адам пневмониямен ауырды, 424 адам көз жұмды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде