Сәдуақас Байғабылов жаңа қызметке тағайындалды
Сәдуақас Байғабылов Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің орынбасары болып тағайындалды.
14:36 20.11.2020
«Бүгіннен бастап Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалдым», - деді Сәдуақас Байғабылов.
Осыған дейін ол көліктегі бас дәрігер қызметін атқарған. Сондай-ақ, Сәдуақас Байғабылов Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы болды. Павлодар облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері, Атырау облысының бас санитариялық дәрігері қызметтерін атқарды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!