{metadescription}
Алматыда ер адам екінші рет өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Алматыда ер адам екінші рет өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Алматыда 10 адамды өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы Қазақстан Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарлайды. Баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам бұған дейін 2013 жылы шілдеде 8 адамды өлтіргені үшін өмір бойына сотталған. "Қара бүркіт" түрмесінде жазасын өтеп жүргенде қылмыскердің тағы екі әйелдің өліміне қатысы бары анықталды. Қылмыс 2001 жылы күзде жасалған.

"2001 жылдың күзінде С. жәбірленушілер Б. мен К.-ға олардың пәтерлерін иемдену мақсатында сенімін пайдаланған. 2001 жылдың қазан айында ол өзіне және Б.-ға сенім артқан азаматтарды жалға алған үйге шақырып, онда ол басқа адамдармен бірге оларды өлтірген. Кейіннен сотталушы мен тағы басқа адамдар меншік құқығының құжаттарын иемденіп, жалған сенімхаттар арқалы пәтерлерді сатқан", - делінген соттың хабарламасында.

Алқабилердің шешімімен cотталушы Қылмыстық кодекстің 96-бабы, 2-бөлігі, "а, ж, з" тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде