{metadescription}
Қазақстанда бір тәулікте 93 оқушы коронавирус жұқтырды
Өткен тәулікте 93 оқушы коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
19:33 20.11.2020
2020 жылғы 1 қыркүйек пен 20 қараша аралығында оқушылар арасында COVID-19 жұқтырудың 1251 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 256 - кезекші сыныптарда, 895 жағдай - қашықтан оқып жатқан оқушылар арасында анықталды.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 93 оқушы анықталды, оның ішінде офлайн режимде - 23, онлайн режимде - 70 оқушы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!