20 жастағы қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің рекордын жаңартты
Қарағанды облысының тумасы ауыр атлет Артем Антропов аяқты алшақтата серпу бойынша Қазақстанның жаңа рекордын орнатты.
09:19 29.11.2020
Қазақстан чемпионатында 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Антропов 216 келіні көтерді. Нәтижесінде ол 373 (157+216) килограмм мөлшерінде алтынға ие болды. Аяқты алшақтата серпу бойынша елдің бұрынғы рекорды Илья Ильинге тиесілі болды.
Бұл салмақта 305 (135+170) келі нәтижесімен Рахат Бекболат (Қызылорда облысы) екінші орын алды. Үшінші орынға 257 (115+142) келіні көтеріп Алексей Литвченко Алексей (Қарағанды облысы) жайғасты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!