62 жастағы әйел өз қызынан жүкті болды
Американың Иллинойс штатындағы әйел 62 жасында жүкті болды.
10:26 29.11.2020
62 жастағы Кэти Блаттнер және оның екінші күйеуі Джон Блаттнер екеуі 40-қа келгенде отбасын құрған. Бала туылу үшін экстракорпоральды ұрықтандыру жолын(ЭКО) қолданды. Алғашқы рет жұмыртқа доноры Кэтидің немере ағасы болды. Бірнеше жылдан кейін ерлі зайыптылар екінші рет балалы болғысы келіп, қайтадан ЭКО қолданды. Бұл жолы донор Кэтидің бірінші некеден туылған қызы болды.
Қазір Кэти мен Джонның бірінші ұлы 12 жаста, ал екіншісі екі жаста. Олардың үшінші баласы 2021 жылдың сәуірінде дүниеге келеді деп күтілуде. Оның биологиялық анасы қайтадан бірінші некеден туылған қызы болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!