Жамбыл облысында 51 адам қар құрсауында қалып қойды
Жамбыл облысында Алматы-Термез-Ташкент тас жолында 51 адам қар құрсауынан құтқарылды, оның 12-сі балалар.
20:19 29.11.2020
Облыстың ТЖМ мәліметтері бойынша, 28 қараша күні сағат 13:25-те Жамбыл облысының Жуалы ауданында, Алматы-Термез-Ташкент республикалық жолының 576-593 шақырымында 21 көлік қар құрсауында қалды. Құтқарушылар көмекке келді. Екі арнайы техника көлікті қар үйінділерінен шығарды. 21 көлік жолдың тазартылған бөліктеріне сүйрелді.
Жүргізушілерден ауа-райының нашарлауы, әсіресе қарлы боран, тұман және көктайғақ туралы SMS хабарлама алған жағдайда мүмкіндігінше жолға шықпауды өтінді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!