Синоптиктер бүгін ауа райы қандай болатынын айтты
30 қараша күні елдің басым бөлігінде дабылды ескерту жарияланып отыр.
09:36 30.11.2020
Жел күшейіп, боран болатыны хабарланды. Антициклон әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады, бірақ бұрқасын жүреді, деп хабарлады "Қазгидромет".
"Солтүстік, шығыс, орталық және оңтүстік-шығыста кей жерлерде қар жауады. Көптеген өңірде тұман, бұрқасын болып жел күшейеді. Солтүстік-шығыста - көктайғақ", - делінген хабарламада.
Дабылды ескерту
Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман, бұрқасын, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.
Алматы облысында тұман, көктайғақ болады.
Жамбыл, Қызылорда облыстарында тұман, ал күндіз көктайғақ.
Түркістан, Маңғыстау, Атырау облыстарында жел күшейеді, жылдамдығы секундына 15-20 метр.
Түркістан облысында - тұман.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай, түнде Ақтөбе облысында да тұман болады.
Ірі қалалардағы ауа райы
Елордада түнде минус 19-21 градус, күндіз 15-17 градус суық
Алматыда жауын-шашынсыз. Түнде минус 7-9 градус, күндіз – 2-4 градус салқын.
Шымкентте түнде – 7-9 градус, күндіз 3-5 градус нөлден жоғары.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!